Телефонмен немесе жазбаша мина қойғаны туралы хабарлама алған кездегі іс-қимыл тәртібі - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

«Абай атындағы №4 мектеп-лицейі» КММ

«Телефонмен немесе жазбаша мина қойғаны туралы хабарлама алған кездегі іс-қимыл тәртібі» атты нұсқама

2022-2023 оқу жылы

2023 жылы 11 қаңтар күні «Телефонмен немесе жазбаша мина қойғаны туралы хабарлама алған кездегі іс-қимыл тәртібі» атты нұсқамасы өтті. Нұсқама толық ұжыммен ұйымдастырылды.

Мақсаты:

  1. Хатшылар (диспетчерлер, кезекшілер және т.б.)анониммен   (хабар берген бейтаныс адаммен) берік байланыс жасауы керек. Ол үшін: 

1) өзін таныстыруы  (өзінің, әкесінің атын, лауазымын айтуы);

2) сөйлеушіні тыныштандыруға тырысуы;

3) оның талаптары дер кезінде әкімшілікке жеткізілетіндігіне сендіруі қажет.

  1. Анонимнің талаптарын анықтауы және қауіптің сипаты туралы ақпарат алуы қажет. Ол үшін: 

1) жасырын адамды мұқият тыңдап, барлық талаптарын оның айтуы бойынша жазуы;

2) кез келген сылтаумен оның өз талаптарын қайталауын ұсынуы;

3) анонимге әңгімені неғұрлым көбірек айтқыза отырып, қауіптің сипаты және оның іске асырылу уақыты туралы нақтылайтын сұрақтар қоюы керек.