«Абай атындағы №4 мектеп-лицейі» КММ
«Дайындалып жатқан лаңкестік әрекеттер туралы жалған хабарламаның салдары» атты нұсқама
2022-2023 оқу жылы
2022 жылы 15 қыркүйек күні «Дайындалып жатқан лаңкестік әрекеттер туралы жалған хабарламаның салдары» атты нұсқамасы өтті. Нұсқама толық ұжыммен ұйымдастырылды.
Мақсаты:
Бүгінде террорлық ұйымдардың астыртын іс-әрекеті жекелеген мемлекеттерді ғана емес, әлемдік қоғамдастықты да қатты алаңдатып отыр. Олардың ауыр зардаптарға соқтыратын, қайғы-қасірет әкелетін зұлымдық әрекеттерінен Орталық Азиядағы бірде-бір мемлекет өздерін сақтандыра алмайтындығы тағы жасырын емес. Мемлекет басшысы осы жылдың қаңтар айында еліміздегі құқық қорғау органдарының жетекшілерімен өткізген кеңесте терроризм және экстремизм көріністерімен күресті барынша күшейтуді тапсыруы, талап етуі сондықтан болса керек.Таңдап алынған тақырыптың көкейкестілігі біздің өміріміздің осындай шындығымен анықталған. Лаңкестік өз көрінісінің қандай да болсын түрінде масштабтары, болжауға келмейтіндігі және салдары жағынан адамзат ХХІ ғасырға бірге аттанған қауіпті қоғамдық-саяси және өнегелік проблемаларды біріне айналды, аталған дүниелердің алдын-алу.
https://sh4-satpaev.edugov.kz/kz/auipsizdik-sharalary/1793-dajyndalyp-zhat-an-la-kestik-reketter-turaly-zhal-an-khabarlamany-saldary.html#sigFreeId2c53d787d0