«Отбасылық шежіре-тәрбиенің түп қазығы» - КГУ «Школа-лицей №4 имени Абая»

«Абай атындағы №4 мектеп-лицейі» КММ отбасы күніне орай балаларға ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында 2-3 сыныптар арасында «Отбасылық шежіре-тәрбиенің түп қазығы» атты шежірелер көрмесі ұйымдастырылды.
Қазақ отбасында баланы өмірге дайындау дәстүрінің бірі - шежіре үйрету. Оның негізгі мақсаты – ата-текті білу, ұрпақ тазалығын сақтау. Шежіре ақыл-ойға қозғау салып, адамды тануға итермелейді. Өзінің кім екенін, ағайын-тумаларының қайдан шыққанын білу өте қажет. Осы арқылы адамның тұлғалық қасиеті танылған.
Алдағы уақытта көрменің қорытындысы шығарылып, әр қатысушы номинациялармен марапатталатын болады.
Барша қатысушыларға алғыс білдіріп, шығармашылықтарыңыз өсе берсін деп тілек айтамыз!