18.05.22 ж. "Абай оқуларының" - КГУ «Школа-лицей №4 имени Абая»

18.05.22 ж. күні мектебімізде дәстүрлі түрде болатын XXIII Республикалық "Абай оқуларының" қалалық кезеңі болып өтті.
"Абай оқуларының" негізгі мақсаты қазақ халқының әдеби мұратын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Ашылу салтанатында оқушылар ұлы ақын өмірінің әр кезеңінен үзінділерді сахналап, үгіт-насихат топтарының өнерлерін көрсетіп, келген қонақтарға тамаша әсер қалдырды. Одан әрі сайыс кезеңдерімен ұласты. Сайыс 5
номинация бойынша өтті.

Бірінші : «Өлең- сөздің патшасы ,сөз сарасы» номинациясы бойынша өлеңдерді мәнерлеп, жатқа оқыды.

Екінші :«Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша қара сөздерін жатқа, мәнерлеп айтылды.

Үшінші : «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» деп аталды.Шарты: Шәкәрім Құдайбердіұлы,Ақылбай Абайұлы,Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқыды. Бұл номинация шығарма мәтіндерін жатқа,мәнерлеп айтуы және оқушы жатқа білетін шығармалар санына байланысты бағаланды.

Төртінші : «Көңілім әнді ұғады» номинациясы- оқушының Абай және Шәкәрім әндері мен күйлерін орындау шеберлігі бағаланды.

Бесінші: «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы- оқушылардың өз шығармалары бағаланды. Қорытынды кезеңде Сәтбаев қаласы ББ басшысы Ақышбеков Берік Базылұлына сөз беріліп, жеңімпаздарды марапаттады.