«Бір пара – Екі қылмыскер» - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

10.11 күні білім ордамызда «Бала құқығы – адам құқығы» Республикалық айлығы аясында «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелерімен «Бір пара – Екі қылмыскер» атты тренинг өтті. Тренингтің басты мақсаты — оқушыларға «Сыбайлас-жемқорлық» деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Тренинг барысында оқушыларға негізделіп «Қара нүкте» психологиялық әдісі қолданылды. Оқушылар жемқорлық тақырыбында жағдаяттарды шешіп, сахналық көрініс қойды. Өз ойларын еркін ортаға салды. Пара алу және пара берудің қорытындысы жайлы постер қорғап шықты. Тренинг соңында, ұйымдастырылған іс-шараның қонағы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айжан Бекболатовна оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Сөз соңында Адал Ұрпақ ерікті мектеп клубының мүшелеріне өз кеңесін беріп, оқушыларды адал әрі сапалы қызмет жасауға шақырды.