«Кім тапқыр?» атты зияткерлік сайыс - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Абай атындағы №4 мектеп лицейінде 5-сынып оқушыларының арасында «Кім тапқыр?» атты зияткерлік сайыс өтті. Ойын 5 кезеңнен тұрды:
I. Кім тапқыр ? (Сұрақтарға жауап беру)
II. Ойлан тап (ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру)
III. Сөзтапқыш (суреттегі бейнені бейнелеп көрсету)
IV. Актерлік шеберлік (Ы.Алтынсариннің әңгімелерінен көрініс көрсету)
V. Қортынды. (Жеңімпаздарды анықтау)
Бұл кездесудің негізгі мақсаты өскелең ұрпақтың танымдық қызметін арттыру, Қостанай облысының тумасы, ұлы ағартушының өмірі мен шығармашылығын насихаттау болып табылады.Ойын өте тартымды да қызықты өтті.