2021-2022 оқу жылының 30 - қазан күні "Абай атындағы 4 мектеп-лицейі"КММ-сінде оқу сауаттылығын арттыруға арналған жаңаша әдіс-тәсілдермен бөлісу мақсатында Ж.Б.Алдамжар "Ы.Алтынсарин шығармаларын оқытуды функционалдық сауаттылықты дамытуға бағыттау" тақырыбында коучинг өткізді. Коучинг барысында әріптестермен байланыс орнатылды. Әріптестермен бірлесе жұмыс жасалды. "ПОПС формуласы", "РАФТ әдісі ", "Қол арқылы талдау " тәсілдерін пайдалана отырып, Ы.Алтынсарин шығармаларын топта талқылап, зерттей келе, оның еңбек тақырыбындағы әңгімелерінің мағынасын қазіргі заманмен салыстыру арқылы насихаттау жолдары да талқыланды.