Ыбырай қаламынан туған өлеңдер дәуір өткен сайын өзектілігін жоғалтпай ғана қоймай, сол дәуірдің мазмұны мен сырын жаңа ашып танытқандай болады. Міне, осы сарқылмас мұраны бүгінгі күні арқау етіп, қазанның 20-сы күні «Абай атындағы №4 мектеп-лицейінде» Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Кел, балалар, оқылық!» апталығы аясында 3-4 сыныптар арасында «Кел, балалар, оқылық!» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.
Өткізілген іс-шараның мақсаты: оқушылар қазақ халқының алғашқы ұстазы Ыбырай Алтынсариннің өнегелі өлеңдері мен әңгімелерінен үлгі алуға, еліне, халқына, ұлы тұлғаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Қатысушыларымыз Ыбырай өлеңдерін мәнеріне келтіріп, жатқа орындады. Сайыс соңында төрешілеріміз қатысушыларымызға алғыстарын білдіріп, жүлделі орындармен марапаттады. Іс-шара поэзиялық көркемдігімен жақсы әсер қалдырды.