Менің мектептегі бір күнім - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Тәрбие ең тамаша бастауы – отбасы. 2021 жылдың 11 қыркүйегінде мектебімізде отбасы күніне орай «Менің мектептегі бір күнім» атты отбасылық тимбилдинг өтті. Дәстүрлі емес форматтағы іс-шараға 1 -сынып ата-аналары қатысты. «Тимбилдинг» - бұл әлеуметтік-психологиялық тренинг, оның негізгі мақсаты – ата-аналар және мектеп ортасында берік достық қарым-қатынасты және өзара көмек көрсету принциптерін құру болып табылады.
Тимбилдинг барысында ата-аналар өздерін оқушы рөлінде сезініп, баланың мектептегі бір күнін оқушы көзімен көруге мүмкіндік алды.