Абай атындағы №4 мектеп-лицейінде 5 қыркүйек — Қазақстан халқының тілдері мерекесіне орай мектебіміздің ағылшын тілі пәнінің ұстаздарынан құрылған "Лингва" әдістемелік-бірлестігінің ұйымдастыруымен "Тіл-халықтың жаны" атты мерекелік фестиваль өтті.
Мерекелік дастарқан басында әртүрлі ұлт өкілдері жиналып, ұлттық киімдерін дәріптей отырып, өздерінің өнерлерін көрсетті.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанды бүкіл әлем таныды. Осының бәрі - бірліктің, еңбектің, Елбасымыз жүргізіп отырған саясаттың, сан ұлт өкілдері арасындағы келісім мен татулықтың арқасы. Елімізде әр ұлт өкілдері өз ана тілін біліп, салт-дәстүрін дамытуға мүмкіндік алды. Соның ішінде, әрине, темірқазық іспеттес мемлекеттік тілдің орны бөлек. Ендеше, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте...» деп Қадыр ақынның айтқанындай, сол тілімізді сақтау, жоғалтып алмау өз қолымызда.