Қарағанды облысы Білім Басқармасының Сәтбаев қаласының білім бөлімінің "Абай атындағы N4 мектеп-лицейі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды.
Төмендегі вакансиялар бойынша жаңашыл педагогтар қажет етіледі:
Қазақ бөліміне:
- ұзартылған күн тобының тәрбиешісі - 2
- орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі - 1(16 сағат)
- ағылшын тілі мұғалімі - 1(16 сағат)
- математика мұғалімі - 1(16 сағат)
- химия мұғалімі - 1(16 сағат)
- физика мұғалімі - 1(16 сағат)
- Орыс бөліміне:
- даярлық тобының тәрбиешісі - 1
- бастауыш сынып мұғалімі - 1 (16 сағат)
- орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - 1 (16 сағат)
- тарих пәнінің мұғалімі - 1 (24 сағат)
- математика мұғалімі - 1 (16 сағат)
- химия мұғалімі - 1 (16 сағат)
- биология мұғалімі - 1 (16 сағат)
Жұмысқа қабылдау конкурстік іріктеу арқылы өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат ұсыну қажет:
1) өтініш;
2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) білімі туралы құжаттың көшірмесі;
4) еңбек кітапшасының көшірмесі;
5) фото суретімен қоса кадрды есепке алу жөніндегі жеке парақ;
6) біліктілік санаты немесе ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі;
7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 086/У нысанындағы медициналық анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген);
8) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы есебі бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттардың көшірмесі нотариалды куәландырылады.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат өзінің кәсіби жетістіктері,біліктілігін арттыруы, ғылыми зеттеулері,өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы.
Жұмыс іздеушілерді асыға күтеміз!