Бүгін қазақстандықтар астанамыз - Нұр-Сұлтан қаласының мерекесін атап өтуде. Мереке қарсаңында "Абай атындағы №4 мектеп-лицейі"КММ жанындағы жазғы сауықтыру алаңындағы оқушыларымыз да мерекеге өзіндік үн қосып, көңілді орта қалыптастырды." Астана -балалар көзімен" тақырыбында оқушылар арасында сурет салынды. "Тарихи журнал" жоспары аясында Бас қала-Астана туралы әндер мен өлеңдер айту арқылы оқушыларымыздың еліне деген сүйіспеншілік және мақтаныш сезімдері байқалды.
Аз уақыттың ішінде көркейіп, түрленген, тәуелсіз Отанымыздың жүрегі-Астанамыз гүлдей берсін!