Елдігіміздің іргетасындай болған арайлы астанам! - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Елдігіміздің іргетасындай болған арайлы астанам!🏙

Құрметті елорда тұрғындары!
Бүгін абыройы асқақ астанамыз – Нұр-Сұлтан қаласының туған күні. Қаламыз Тәуелсіздік атты киелі ұғыммен бірге гүлденді, бірге өсті. «Астана – жастар қаласы» ұранымен талай қазақ баласы бүгінде еліміздің жүрегінде өз кірпішін қалап, ой түзеп, бой түзегені белгілі. Жастар саясатын қолдауда партиямыздың атқарған жұмыстары орасан.


«Жастың қуаты – білімі мен білігінде, бірлігі мен патриоттығында. Біз бабалардан мирас болған атамекенімізді тәуелсіз ел еттік. Тұрмысы шалқып, түтіні түзу ұшқан бақуатты мемлекетке айналдырдық. Татулықты – тұрақтылықтың және тұрақтылықты – дамудың тұғыры еттік. Біздің барша жетістіктеріміздің бастауы – бірлік. Бірлігімізді тұмардай сақтай білсек еліміз үшін алынбайтын белестер жоқ. Ол үшін әрқайсың өздеріңе жүктелген тарихи жауапкершілікті сезіне білулерің керек» деген Елбасының сөзі жастарға деген үлкен сенімнің белгісі.


Осы сенім «Nur Otan» партиясының жастарды қолдауға арналған түрлі шараларынан айқын көрініс таба алды. «Елорда жастары» қалалық тұрғын үй бағдарламасын іске қосу, «TIME TO CHANGE» жастардың кәсіби және жеке дағдыларын дамыту мектебін ұйымдастыру, жастар көп шоғырланатын орталықтарға (базарлар, вокзалдар жанында және т. б.) спорт алаңдарын, Workout-алаңдарын салу, «Есірткіге жол жоқ» жастар қозғалысын қолдау, жыл сайын «JASYL EL» студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарына жастардың жұмысқа орналасуын ұйымдастыру, жастардың тұрмыстық қажеттілігін толық сүйемелдеу, кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша жастарды жұмысқа орналастыру сияқты Тәуелсіздік жылдарындағы көптеген қолдаулар қаламыздың тұрғындарына жасалып жатқан шаралар екені даусыз.


Партиямыз идеясы мол, айтар ойы мен пікірі бар барлық жастардың ел болашағы үшін қарыштап қадам басуына мүмкіндік жасады. Бүгінгі күні біздің көптеген жастарымыз өзінің астанасына қызмет етуде. Бұл көңіл қуантатын жағдай. Қазақта «жас келсе, іске» деген жақсы сөз бар. Астанамыздың бүгінгі күні бағындырған белестері аз емес. Бізден кейінгі ұрпақ бұл үрдісті еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілікпен жалғастырып алып кететініне сенімдімін.