Бастауыш сынып оқушылары жазғы мектепте болды - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары жазғы мектепте болды. Оқушылар өз бөлімдерін толықтырып, есептер шығарды, оқу жылдамдығын арттырды, жазба жұмыстарын жазды. Сонымен қатар, сауықтыру шараларына қатысты. Атап айтқанда, "COWORKING" орталығында әдеби кітаптармен танысты, "TIME" клубында болып, ұлттық-қолөнер туралы мағлұмат алды, түрлі суреттер салды, дойбы, тоғызқұмалақ ойнады. Жайдары жаздың
шуақты күндерімен бірге оқушылар жазғы мектепті көтеріңкі көңіл-күймен аяқтады