Бүгінгі күн қазақ халқы үшін, бүкіл әлем тарихы үшін ерекше күн! 1997 жылдан бері —саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп аталып келе жатыр . 31 мамыр – Қазақстанда XX-ғасырдың 20-50 ж. теріс – тотолитарлық саясаттың құрбандарын еске алу күні.
Бұл оқиғалардан 4 млн-дай Қазақстан азаматы зардап шекті. Бұл жәй ғана дерек емес, бұл қаншама тағдыр, шайқалған шаңырақ, сөнген от, болашағына балта шабылған ұлт тағдыры. Тарих—өткенге тағзым, бүгінгі күнге сабақ, болашаққа болжау десек, болашағымыз жарқын болу үшін, өткеннен сабақ ала отырып, еске түсіру арқылы енді бұндай зұлматты, нәубәтті көрмейтіндей, қиын тағдыр кешпейтіндей жарқын болашағымызды белгілейік!
#Жетекшісі: тарих пәні мұғалімі Мұздыбай Әйгерім Нұрғалиқызы.
#Орындағандар: 9 "Д" сынып оқушылары Қадыр Аружан. Искандир Еркеназ.