"Абай атындағы №4 мектеп- лицейі" КММ 7 «Г» сыныбында Шалабаева Жұлдызай Балтайқызының жетекшілігімен Зум платформасында «Ынтымағы мен бірлігі жарасқан Қазақстан» тақырыбында викторина ойыны ұйымдастырылды. - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

"Абай атындағы №4 мектеп- лицейі" КММ 7 «Г» сыныбында Шалабаева Жұлдызай Балтайқызының жетекшілігімен Зум платформасында «Ынтымағы мен бірлігі жарасқан Қазақстан» тақырыбында викторина ойыны ұйымдастырылды. Сабақтың мақсаты: оқушылардың білімі мен біліктілігі арқылы ой — өрісін дамыту, ұшқырлық , ойлау қабілетін шыңдау.
Интеллектуалдық викторинаның барысында балаларға бейне көрсетілім қойылып, сол бойынша қатысушылар өз ойларын жеткізді. Топты жеңіске жетелеу мақсатын алға қойған оқушылардың жауаптары бір-бірінен кем түспеді.
Отанымыздың тарихын қаншалықты меңгергендіктерін анықтау барысында, осы тақырыпта қойылған сұрақтарға толық әрі нақты жауап берген қатысушылар, жинаған ұпайына байланысты, алға бір қадам жылжып отырды. 
Интеллектуалдық викторина 3 бөлімнен құралды. І Бөлім «Бәйге», ІІ бөлім «Тарихи күнтізбе», ІІІ бөлім «Мемлекеттік рәміздер».  Ойыншылар берілген сұрақтарға толық жауап берді. Дұрыс жауап бергендеріне сай, ұпай жинап отырды.
«Ынтымағы мен бірлігі жарасқан» атты іс-шараға оқушылар аса қызығушылықпен белсене қатысты.