Ас-адамның арқауы - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Ас-адамның арқауы

Бүгін жоспарға сай мектеп асханасының жұмысына  бракераждық комиссия  құрамымен тексеріс жұмыстары жүргізілді.

Комиссия құрамы:

Мектеп директоры:  Г.А. Жаппасова, Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаты,  мектеп-лицейіміздің  қамқоршылық кеңесінің мүшесі: Л.А. Мыңбаева,  мектепішілік ата-аналар комитетінің төрайымы:  Г.А. Салихова, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Л.Т. Каукербекова, кәсіподақ төрайымы: А.Қ. Құдайбергенова, мектеп медбикесі: Ж.Е. Мурзатова, әлеуметтік педагог: Ж.А. Ашабекова 

Мақсаты:  тамақ өнімдерінің сапасына   тексеріс жасау, жеткізілген өнімдердің сапасын, дайындалған өнімнің шығымын,  құнарын анықтау, мерзімі өткен өнімдерді  тексеру. 

Мектеп директоры Г.А. Жаппасова комиссия құрамына  IV тоқсан басында мектеп асханасының тамақ әзірлеу блогы күрделі жөндеуден өткенін атап өтті. Карантин уақытында тамақтандыру бекітілген кестеге  сәйкес жүргізіліп, оқушылардың қол  жуып, міндетті түрде залалсыздандыру арқылы дастархан басына отыруы қадағалауда екені айтылды. Асханада ауа тазартқыш (рециркулятор воздуха) үнемі жұмыс істеп тұрады. Кестеге сәйкес кварц лампалары іске қосылады.  Мектеп-лицейінің жаңа асхана меңгерушісі (жеке кәсіпкер Г.М. Касимова)  Гульвира Мейрамовнамен  таныстырды. 

Асхана меңгерушісі Г.М. Касимова қол астында 6 адам жұмыс жасайтынын, мектепке сырттан келетін шикі өнімдердің жарамдылық мерзімі тексеріліп, қолданысқа берілетінін атап өтті. Тез бұзылатын  тамақ өнімдері ет, сүт, айран және т.б  тағамдарды  төменгі температурада  тоңазытқышта сақталады. Тоңазытқыштың іші таза,  санитарлық- гигиеналық талапқа сай.  Көкөніс өнімдері асханадағы қойма бөлмесіндегі арнайы жасалынған бөлек қораптарда сақталады. Асханадағы азық-түліктердің сақталу мерзімін растайтын сертификаттары бар.

Ыдыс жуу бөлмесіндегі ыдыс-аяқты сақтау нормалары гигиенаға  сай болуы байқалды.

Мектеп медбикесі Ж.Е. Мурзатова оқушыларға берілетін ыстық тамақтан бір күн бұрын сынама алынатынын да айтты.  Күнделікті ас мәзірі бекітіліп отырылады. Тамақ өнімдерінің сапасы,  тағамдардың  дайындалу  технологиясы  талапқа сай.