1986 жылы 26 сәуірде Украинадағы Чернобыль атом электр станциясының 4 блогы жарылып, реактор істен шықты. Апат салдарынан радиоактивті заттар, соның ішінде уран изатопы, плутанин, цезий қоршаған ортаға таралды. Радиоактивті түтін аймақтан асып 10-нан аса мемлекеттің жерін ластады, кем дегенде 5 миллион халық зардап шекті. Оның зардабы қаншалықты ұзаққа баратыны әлі белгісіз. Адамзатқа орны толмас қасірет әкелген Чернобыль оқиғасына биыл 35 жыл. Чернобыль апатының тарихы, апат салдарын жоюға аттанғандардың ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттау, Чернобыль оқиғасының қасіретін оқушыларға ұғындыру мақсатында «Чернобыль апаты» атты виртуалды көрмесін ұсынамыз.