Қарағанды облысының білім басқармасы Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Абай атындағы №4 мектеп-лицейінде 19-23 сәуір аралығында «Жасыл Қазақстан» атты экологиялық сауаттылық апталығы өтетінін хабарлаймыз.
Апталықтың мақсаты: мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарының экологиялық сана-сезімі мен тәрбиесіне ықпал ету.
Экологиялық апталықта - суреттер көрмесі, Хлам-арт қолөнер көрмесі, «Байқа, зертте, талда» жобалар байқауы, жас ақындар мүшәйрасы, эко-блогерлер байқауы, «Двигайся в стиле Эко» челленджі, қызықты квест ойындары өткізіледі.
Бұл іс-шаралар экологиялық мәдениеттің бастауын қалыптастыруға, танымдық белсенділікті арттыруға, қоршаған ортаға деген қызығушылық пен
сыйластықты дамытуға ықпал етеді деп сенеміз.
Құрметті ұстаздар, мектеп оқушылары және ата-аналар,
Сіздерді экологиялық апталықта белсенділік танытуға шақырамыз!!!