Табиғат! Осы бір жүрекке жылы,көңілге қонымды естілетін салиқалы сөзге қаншама мазмұн, терең мағына, ұлағатты ұлы ұғым, тұжырымы кең ой жатыр десеңші!
Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя бесігі,құт – берекесі. Ал адам үшін табиғат ең қасиетті де қастерлі ұғым. Өйткені,адамның өзін дүниеге келтіретін аяулы анасы, сондықтан да адамның табиғатты «Ана» деп құрметтеуінде өте үлкен ұғым жатыр.Қазақ халқының бар өмір тіршілігі табиғатпен тікелей етене байланыста өтіп жатыр.
Иә, қалай дегенде де менің өлкемнің табиғаты тамаша, кең байтақ! Мен осы елде қазақ болып туылғаныма қуанамын!
4"Д"сынып оқушысы Орынбай Айханым Дәуржанқызы
Сынып жетекшісі: Т. К. Мизамбаева