"Тәуелсіздікке 30 жыл 30 кітап" - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Абай атындағы №4 мектеп-лицейі» кітапханасында «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 кітап» атты бұрышы ұйымдастырылды. Барлық жастағы оқырмандардың кітапхана қызметін қолдануға түрткі болатын, кітапханаларда оқырмандарға қосымша ақпарат ұсынудың тиімді әдісі, сондай-ақ инновациялық технологиялар ретінде кітаптарды, авторларды насихаттауда көмек үшін белсенді түрде QR кодтар пайдаланылады. Яғни, қалта телефонындағы Play Маркеттен «куеркод» қосымшасын жүктеп алып, керекті кітапты оқуға мүмкіндік бар.