"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Наурыз мейрамы қарсаңында "Абай атындағы №4 мектеп-лицейі" КММ көркем еңбек пәні мұғалімі Н.М.Акинованың ұйымдастыруымен 6,7-сынып оқушылары "Қазақтың ұлттық тағамдары" атты ұлттық тағамдар әзірледі. - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Наурыз мейрамы қарсаңында "Абай атындағы №4 мектеп-лицейі" КММ көркем еңбек пәні мұғалімі Н.М.Акинованың ұйымдастыруымен 6,7-сынып оқушылары "Қазақтың ұлттық тағамдары" атты ұлттық тағамдар әзірледі.
Жүгі нарда, қазаны теңде болып көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқы асты өте жоғары бағалап, қастерлей білген. Халқымыз адам өмірінде тамақты тіршілікке қажетті құндылықтардың бәрінен де жоғары қойған. Кез келген қазақы шаңырақтың дастарханын ет тағамдарынсыз елестету мүмкін емес. Ет дәмділігімен және өзінің құрамындағы пайдалы заттармен құнды. Келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде ет пен наурыз көже әзірленген. Сіздерге ұсынып отырғаным халқымыздың ұлттық ет тағамы дастарханыңыздың шырайын одан әрі аша түседі деген сенімдемін. Салтымызды құрметтеп, ұлттық тағамдарымызды ұмытпай әзірлеп жүрейік ағайын!