Дана халқымыз «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер», «Баталы ер арымас, батасыз ер жарымас» деп бекер айтпаған. - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Дана халқымыз «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер», «Баталы ер арымас, батасыз ер жарымас» деп бекер айтпаған. Халқымыз әрқашан тілегін тілеп, берілген батаға ерекше ден қойған. Қуанышты тойлар мен келелі жоралғыларда ауылдың қадірлі қариясынан бата алып, тіршілігімізбен жаңғырып отырған. Бата беру дәстүрі арқылы ұрпақты адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеген. Батаны тәрбие көзі деп білген халқымыз оған үлкен мән берген. "Жақсы сөз жарым ырыс" екеніне сенген халық батаны әр бір жақсылықтың бастауы деп есептейді. Оған терең мән береді. Бата сөздері ісіміздің алға басуына, тұрмысымыздың оңалуына игі әсерін тигізіп қана қоймай, ол ұрпақ тәрбиесінде де айрықша рөл атқарып келеді.
1«в» сынып Тұрар Каусар
Сынып жетекшісі А. К. Кудайбергенова