Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ


Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл – білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім.
Ата-аналар мектепті алдын-ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақытылы тапсырады, сондай-ақ балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етеді.
Өтінішті egov.kze.bilimal.kz арқылы беруге болады. Қажетті құжаттар тізімі:
Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
«Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
3х4 көлеміндегі 2 фото.
Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.