"Абай атындағы №4 мектеп-лицейі" КММ Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына орай ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында 15.03-20.03 аралығы "Ұлттық киім" акциясы ұйымдастырылды. - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

"Абай атындағы №4 мектеп-лицейі" КММ Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына орай ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында 15.03-20.03 аралығы "Ұлттық киім" акциясы ұйымдастырылды.

Қазақ халқының қол өнері мен ұлттық киімдері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына, осыған орай, қазақстандықтарды «Қазақтың ұлттық киімі күні» акциясына қатысуға шақырамыз. Қазақтың ұлттық киімдері - Еуразия даласын қоныс еткен көшпелі ел қазақтардың басқа халықтарға ұксамайтын киім үлгілері табиғи ерекшеліктері мен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасқан, сонымен қатар, қазақы киімнің барша сымбаты мен ою - өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой - дүниесінің қайталанбас көрінісі бар, сол себепті де әр жас жеткіншек өз тарихын, ұлттық нақышын білуі тиіс.