Табиғаттың өзі тамаша күйге енетін, адамдарға жайдарлы көңіл күй сыйлайтын Наурыз мерекесінің өзіндік ерекшелігі бар. - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Табиғаттың өзі тамаша күйге енетін, адамдарға жайдарлы көңіл күй сыйлайтын Наурыз мерекесінің өзіндік ерекшелігі бар. Ұлыстың ұлы күнінде ел-жұрт бірімен-бірі емін-еркін әңгіме құрып, үлкендер қауқылдасып жататын. Осынау айтулы күндерді айрықша атап өту мақсатында биыл 15 наурыз «Жайлау күні» деп бекітілген.Жыл басы 22 Наурыз жақындағанда әрбір үйде келер жылғы тоқшылық пен ырыс, құттың жоралғысы ретінде дастарханға өзге де ұлттық тағамдармен қоса міндетті түрде Наурыз көже пісіріледі. Түрік халықтарының ұғымында жеті саны қасиетті саналғандықтан Наурыз көжеге жеті дәм қосылады. Ата-бабаларымыздың айтуы бойынша бұл күні Наурыз көжені тойып ішкен адам жыл бойы молшылық пен тоқшылықта болады. Наурыз көже дайындауда сүрленген ет пен қазы, бидай, ақ және сары жүгері, қатық (немесе айран), тұз және су осылай жеті түрлі дәм қосылады.