Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға баули отырып,поэзия әлемінде қалам тартып жүрген - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға баули отырып,поэзия әлемінде қалам тартып жүрген мектебіміздің жас ақындарының өнеріне қолдау көрсету мақсатында 5-наурыз күні А.С.Байжуманованың ұйымдастыруымен « Ана-өмір шуағы» атты тақырыпта 5-11 сынып оқушылары арасында мүшәйра болып өтті.Мүшәйраға қатысушылар «Жаныма жақын жырларым » бөлімінде анаға деген өз өлеңдерін оқыса, «Өлеңмен өрілген ой» кезеңінде ұяшық таңдау арқылы ақындардың шығармаларының тақырыбы мен авторын табу тапсырмасын орындап, жас ақындарымыз өздерінің ұшқыр ойлылықтарын, шапшаңдықтарын көрсете білді. Мүшәйра соңында талапкерлердің тіл байлығына, сөйлеу мәдениетіне сахнада өзін-өзі ұстауына мән берген қазылар алқасының шешімімен I орынды 10 «Б» сынып оқушысы Сәбит Сағыныш, ІІ орынды 9 «А» сынып оқушысы Жәнібекова Гүлбақыт пен 6 «Б» сынып оқушысы Жақсылық Айгүл иеленсе, ІІІ орынды 7 «Б» сынып оқушысы Дулат Гүлсая мен 8 «Г» сынып оқушысы Асқар Нұрдәулет қанағат тұтты.Сайысқа қатысушы барлық сайыскерлер мадақтамамен марапатталды.