Үшінші наурыз күні А.С.Байжуманова мен А.К.Сарсенованың ұйымдастыруымен 8-сыныптар арасында Жұмекен Нәжімеденов «Менің Қазақстаным» атты поэтикалық марафон өтті. - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Үшінші наурыз күні А.С.Байжуманова мен А.К.Сарсенованың ұйымдастыруымен 8-сыныптар арасында Жұмекен Нәжімеденов «Менің Қазақстаным» атты поэтикалық марафон өтті.
Мақсаты: «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушыларға қазақ әдебиетінің айтулы ақыны, жазушы,Қазақстан Жастар сыйлығының лауреаты,Қазақстан Республикасы жаңа әнұранының авторы Жұмекен Нәжімеденовтің шығармаларын жас оқырмандарға таныстыру, өлең жырларын насихаттау және оқушыларды кітап оқуға шақыру болып табылды.Марафон барысында Жұмекен Нәжімеденов шығармашылығы жайлы бейнеролик көрсетіліп,оқушылар ақын өлеңдерін нақышына келтіріп ,мәнерлеп оқыды.Марафон соңы қатысушылар мен ұйымдастырушылардың «Менің Қазақстаным» Гимнін орындаумен аяқталды.Марафонға қатысқан барлық қатысушылар алғыс хатпен марапатталды.Мектеп кітапханашысы У.Б.Турарова қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғыс, шығармашылық табыс тілей отырып, алдағы уақытта да осындай марафондардың өз жалғасын табатынына сенім білдірді.