"Қаржылық сауаттылық" апталығы аясында бастауыш сынып мұғалімі Р. М . Болсамбекова 3Б сыныбымен "Менің отбасымның бюджеті" тақырыбында сынып сағатын өткізді - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Қаржы әлемі

"Қаржылық сауаттылық" апталығы аясында бастауыш сынып мұғалімі Р. М . Болсамбекова 3Б сыныбымен "Менің отбасымның бюджеті" тақырыбында сынып сағатын өткізді.
Мақсаты: балалардың отбасы табыстары туралы, отбасындағы қаржылық кіріс және шығыс түрлерімен таныстыру. Қаржылық сауаттылықтарын дамыту.
 Сынып сағаты барысында оқушылар:
Отбасының табыс көздерімен танысты;
Отбасылық бюджет кіріс және шығыс қажеттіліктерінен тұратынын білді;
Негізгі және қосымша шығын түрлерін ажыратты;
liveworksheets платформасында "Менің отбасымның бюджеті" тақырыбында алған білімдерін пысықтады.