Қызым саған айтамын...
«Абай атындағы №4 мектеп-лицейі» КММ нің мектеп психологы Дана Ерманқызының ұйымдастыруымен «Қызым саған айтамын...» тақырыбында 7,8,10 сынып қыз балаларына арналған семинар өткізілді. Кеш қонақтары «Qamqor» әлеуметтік қолдау орталығының психологы Барболдиева Сандуғаш ханым қыз баланың тәрбиесі мен психологиясы жайында сөз қозғаса, дәрігер Лекерова Орынтай ханым қыз балаға тән өзгерістер мен тазалықтары жөнінде кеңестер берді. Семинар барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Турдыгул Хамитовна мектеп тәртібі мен қыз баланың әдебі, өзін-өзі дұрыс ұстай білуі тұрғысында кеңестерін ұсынды.