«Абай атындағы №4 мектеп-лицейі» КММ «Қаржы әлемі» қаржылық сауаттылық апталығы аясында «Өнегелі өмір» жобасын негізге ала отырып ұйымдастырылған кездесудің құрметті қонағы Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаты, Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің, Қарағанды облысының дизайнерлер одағының, меценаттар клубының мүшесі, Қарағанды облысы әкімінің «Тіл жанашыры» сыйлығы «Мемлекеттік тіл бизнесте» номинациясының иегері, жерлесіміз - Сәтбаев қаласының тумасы Жангаскинова Шолпан Серікқызы болды.
Шолпан Серікқызы оқушыларға кәсіпкерлік туралы қарапайым тілмен түсіндіріп, еркін форматта әңгіме жүргізді. Кез-келген кәсіпкер үшін өмірде қажет болатын құзыреттіліктер төңірегінде, бизнеске қажетті кәсіби команданы жинау маңыздылығы жайында, кәсіпкерліктің бастауына арналған идеяны дамыту мен қаржы көздерін қалай тарту керектігі жөніндегі өз ойларымен бөлісті. Шара барысында оқушылар көкейкесті сұрақтарын қойды.
Оқушылардың жеке кәсіпкермен тікелей кездесуі оң әсерін бергені анық. Болашақ маман иелері кәсіпкерлік туралы білімдері мен дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алды.