«Абай атындағы №4 мектеп-лицейі»КММ «Қаржы әлемі» қаржылық сауаттылық апталығы аясында 5,6-сынып оқушыларымен «Қаржылық сауаттылық» тақырыбында сайыс сабақ өтті. - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

«Абай атындағы №4 мектеп-лицейі»КММ «Қаржы әлемі» қаржылық сауаттылық апталығы аясында 5,6-сынып оқушыларымен «Қаржылық сауаттылық» тақырыбында сайыс сабақ өтті.
Сайыстың мақсаты:
Оқушыларды әлемдік ақшалардың тарихымен таныстыра отырып ақшаның әлеуметтік мәнінің маңыздылығын ұғындыру, Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі – теңгемен тереңірек таныстыру; Ақшаның пайда болу себептерін талдай келе, оқушылардың өз бетінше шешім қабылдай білу және іскерлік қабілеттерін арттыру; Оқушыларды өз ойын еркін жеткізе білуге, үнемділікке, әдептілікке, ұлттық валютамызды құрметтеуге тәрбиелеу.