Адами ізгі қарым-қатынас
«Абай атындағы №4 мектеп-лицейі» КММ-нің педагог-психологы Дана Ерманқызы 8-сынып оқушыларымен «Адами ізгі қарым-қатынас» тақырыбында тренинг өткізді. Мақсаты: Адамзат баласына тән жақсы қасиеттерді бала бойына сіңіру; достық, туыстық қарым-қатынасты нығайту әдістерін үйрету; шынайылық пен өз-өзіне деген сенімділікті арттыру.