Мектебімізде 13-ақпан күні бастауыш сынып мұғалімдері мен жас мамандар арасында “Ұстаздан-ұстазға” деп аталатын әдістемелік қолдау көрсету жұмысы өтті.
Білікті педагогтердің ынтымақтастықта жұмыс жасауы, жаңа талаптарға сәйкес жүйелі жоспарларды іске асыруда үздік мұғалімдердің іс-тәжірибелерімен алмасуы мақсатында өткен жұмыста педагог-зерттеуші Дюсембекова Бахтыбала Сериковна "Бастауыш сыныпта математиканы оқытудың әдіс-тәсілдері", мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Янц Марина Викторовна "Оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру", Кулатаева Жанна Жуматаевна
"Бастауыш сынып оқушыларын көркем, мәнерлі жазуға үйрету жолдары" тақырыптары бойынша өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті. Оқушылардың зейінін шоғырландыруда, логикалық ой-өрісін дамытуда, оқу дағдысын дұрыс қалыптастыруда, көркем, сауатты жазуға баулуда оқытудың бастауыш буынының алатын орны ерекше. Осы орайда бастауыш сынып мұғалімдері әріптестеріне әдістемелік көмек көрсету барысында өздерінің сабақта қолданған тәсілдерімен бөлісті. Жоспарға сәйкес өткен жұмыс барысында ұстаздар өздерін ойландырып жүрген сұрақтарына жауап ала отырып, пікірлерін айтты.
"Ұстаздан-ұстазға" әдістемелік көмек көрсету жұмыстары жалғасын табады.