Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күні қарсаңында өткен Мемлекеттік наградалар тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзінде үстіміздегі жылды "Тәуелсіздіктің 30 жылдығы" деп жариялады. Осыған орай, ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздіктің мәнін тереңірек ұғындыру мақсатында мектеп қабырғасында американ-британ парламент форматында (АПФ) дебат ойыны өтті. Үкімет және Оппозиция палаталары "Бұл палата Тәуелсіздік - ұлтымыздың басты жетістігі деп санайды" қарарында пікір таластырған болатын. Ойын барысында спикерлер терең тарихымызды ақтарып, ұлт болып қалыптасуымыздағы маңызды оқиғаларды баян етіп, тұғырлы Тәуелсіздігіміздің негізі болып табылған тарихи кезеңдер жайлы сөз қозғады. Ойын соңында пікір таластырған оқушылар тарихы бай, тамыры терең Қазақ елі үшін бұдан асқан қастерлі құндылық жоқ деген пікірге тоқталып, бір ауыздан егемендік – әр халыққа бұйыра бермейтін баға жетпес бақыт екендігін қолдады.