"Құқықтық навигатор" құқықтық сауаттылық апталығы аясында "ҚР Мемлекеттік рәміздер" тақырыбында ZOOM платформасы арқылы 4 "Д" сыныбында тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағатының мақсаты: ҚР Рәміздері туралы түсініктерінің қалыптасуына ықпал ету, оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, мемлекеттік рәміздерді қадірлей білуге үйрету.
Балалар өз ойларын ортаға салып, пікір-талас тудырып, өз қажеттеріне біраз мағлұматтар жинады.
Сынып жетекшісі: Т. К. Мизамбаева