Мектебімізде білім беру ұйымдарында оқушылардың мектеп асханасында бір реттік тамақтандырудың ұйымдастырылуын, сырттан жеткізілетін азық-түліктің сапасын және тағамдардың нормаға сай және тарату барысында санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын бақылауын жүзеге асыру мақсатында 2021 жылдың 10 ақпан күні бракеражды комиссия тексеріс жүргізді.
Қазіргі таңда эпидемиялогиялық жағдайларға байланысты санитарлық талаптардың сақталуы туралы мектеп медбибісі Ж.Е. Мурзатова тамақтың дайындалуын берілуін сапасын күнделікті бақылауда екендігін айтты. Ас мәзірі уақытында ілініп, мәзірге сай беріліп отырады. Мектеп асханасында антисептиік, ауа тазартқыш және филтірленген су ішетін құрылғы орнатылған. Санитарлық талаптарға сай асханаға кіргенде оқушылар қолдарын жууып, антисептиікпен қолдарын тазартады. Сонымен қоса тамақтану кезінде оқушылардың ара қашықтығы (1,5 метрден кем емес) сақтай отырып және орындықтарда арнайы жолақтар белгиленген. Ара қашықтықты сақтай отырып жеке-жеке отырғызып тамақтанатынын ескертті.
Мектеп арендаторы А.Н. Еркимбаев бракераждық топ мүшелеріне асхананың тамақ сақтайтын бөлмелерін көрсетті, сырттан келетін шикі өнімдердің сапасы мен сақталу мерзіміне аса мән беретінін жеткізді. Аспазшылардың сақтық шараларын сақтай отырып тамақты жасау тәртіптерін көрсетті. Күнделікті мектеп медбибісі Ж.Е. Мурзатова алдын ала оқушыларға берілетін ыстық тамақтан сынама алатынын айтты. Оқушыларға сатылатын күнделікті буфеттік өнімдер сол күні жасалып, келесі күнге қалмайтынын ескертті. Алдағы уақытта буфеттік өнімдердің алуан түрлі болатынында жеткізді.
Санитарлық талаптардың орындалуын күнделікті мектеп әкімшілігінің бақылауында екендігі ескертілді.