Кітап – адамның жан-дүниесінің асыл қазынасы, рухани байлығы. - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Кітап – адамның жан-дүниесінің асыл қазынасы, рухани байлығы. Ол адам жанын рухани тұрғыдан байытады, білім-білігін ұштайды, сенімді серігі, ажырамас досы. Кітап балаларды ізденімпаздыққа жетелейді, ой-өрісін кеңейтеді.

 "Абай атындағы №4 мектеп-лицейі" КММ Сатпаев қалалық мәслихаттың VII шақырылымының депутаты, қамқоршылық кеңесінің мүшесі Минбаева Луиза Абдрахманқызы облыстық "Бір отбасы — бір кітап" акциясына өз үлесін қосып, мектеп кітапханасына бірнеше көркем әдебиеттерді сыйға тартты.
Мектеп әкімшілігі атынан Луиза Абдрахманқызына алғыс білдіреміз!

Кітап оқитын бала бүгін – табысты оқушы, ал ертең – қалыптасқан тұлға! Ата-ананың балаға сыйлай алатын тамаша сыйы – олардың кітап оқуға деген құмарлықтарын арттыру болып табылады!