«Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығы.
«Абай атындағы №4 мектеп-лицейі» КММ-нің информатика пәнінің мұғалімі Карабекова Дана Ерманқызы 7- сыныптар арасында «Интернет желісіндегі балалардың қауіпсіздігі» тақырыбында онлайн режимде ZOOM форматында семинар өткізді. Мақсаты: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау; Оқушыларға интернеттегі қауіптерден қорғану жолдарын қамти отыра негізгі ережелерді айту; кибер әлемдегі мәдениеттілікті сақтауға үйрету;
Семинар барысы оқушылармен сәлемдесумен басталып, ары қарай тақырыпты ашып түсіндіру мақсатында дайындалған слайд арқылы ғаламтор желісін пайдалануда сақтауға міндетті ережелер ұсынылды. Шынайы ақпаратты ғаламторға енгізбеу, медиа әлемде мәдениеттілікті сақтау жөнінде айтылды. Интернетте және электронды техникаларда шектен тыс отыру, ондағы ережелерді қолданбау оқушылардың психологиялық жаңдайына да зиян келтіретіндігі туралы ескертілді. Белгісіз жазбалар мен бейтаныс адамдармен байланыс жасамау, қажетсіз құжаттарды, бейнежазбаларды қарамау және көшіріп алмау сияқты кеңестер берілді. Ғаламтордың пайдасы мен зияны жайында екі тарапқа бөлініп өз пікірлерін ұсынды. Жалпы семинардың балалар үшін маңызыдылығы мен пайдалы тұстары өте көп болды.