El umiti – Ұлт үміті - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

2019 жылдан бастап «Елбасы медалі» жобасы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “El umiti” – “Ұлт үміті” бастамасы нәтижесінде әзірленді.


«Елбасы медалі» жобасы қиындықтарды жеңе алатын, түрлі салаларда өзін жүйелі түрде дамытатын, басқалардың қамын ойлайтын, қойылған мақсаттар мен жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатын үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.


Жобаның қатысушылары – 14 жастан 29 жасқа дейінгі талантты және өршіл жастар болды.


Жастарды қолдауға арналған жобаға «Абай атындағы №4 мектеп-лицейі» КММ 9 «Б» сынып оқушылары Амантаева Ақерке, Төлеу Аяулым, Әбдікәрімова Ақбота қатысып, «Елбасы медалі» иегерлері атанды.


Құттықтаймыз!!!