Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан "Біздің айналамыздағы математика" апталығы аясында қашықтықтан өтіп жатқан іс-шараларға мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері белсене қатысуда. Топ жетекшісі Байбуланова А.Б.ның басшылығымен әр күні түрлі викториналар, ойындар ZOOM платформасымен өтілуде. Бұл іс-шаралар тәрбиеленушілер бойында қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыра отырып, алған білімдерін өмірде қолдана білуге, сондай-ақ пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, зейінін шоғырландыруға, логикалық ой-өрісін дамытуға септігін тигізері сөзсіз.