Облыстық "Өзін-өзі тану - сүйіспеншілік және шығармашылық педагогикасы" апталығы аясында кезекші 4-сыныптар арасында "Сүйіспеншілік-жүректен" атты сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты: Қазақстанның бірінші ханымы "Бөбек" балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызының өмір жолы, ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақты бауырмалдылыққа, мейірімділікке, адалдыққа , сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Оқушылар Сара Алпысқызының өнегелі өмірімен, ұлағатты істерімен танысып, "Алтын жүректі анаға" деген жыр - шашуларын арнап, сынып сағатының тартымды өтуіне белсенділікпен үлес қосты.