25.01 "Біздің айналамыздағы математика" математикалық сауаттылық апталығы аясында Ақерке Еркінқызының жетекшілігімен, 5 "Е", "Ж" сыныбында " Математика менің өмірімде" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты: оқушыларға математиканың адам өміріндегі маңызын ұғындырып, оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру. Сынып сағаты барысында математика маңызы жайлы түсіндірілді. Математиканың шығу тегі, математика аталары туралы да мәлімет берілді. Оқушылар сандар жайлы ырымдар, мақалдар айтып, жұмбақтарды шешіп, қызықты сұрақтарға жауап беріп, белсенділікпен қатысты. Қорытындылай келе, осы айтылған мысалдардан " Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика" дей келе, барлық оқушылар өздеріне дұрыс қорытынды шығарып, яғни өмірдің өзі математикасыз, есепсіз болмайтынына көз жеткізді.