Абай атындағы 4 мектеп-лицейі КММ .
22 қаңтар күні 4"Б" сынып оқушыларымен "Оқу сауаттылығы" апталығы аясында "Менің отбасым және кітап" атты фотоакция болып өтті.
Мақсаты: оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру негізінде кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және оның үлкен жетістік екенін ұғындыру.
Оқушылар фотоакцияға белсене қатысып,отбасында ата-аналарымен және ата-әжелерімен бірге кітап оқып,оның мазмұнын бірге талдау арқылы білімдерін кеңейтті.
Отбасымен кітап оқу отбасы қарым-қатынасын нығайтуға ықпал ете түсті.Кітаптың құнды құдіретін біліп, оқу арқылы сезімге,ерекше көңіл-күйге бөлену тәрбиенің баға жетпес қазынасы."Кітап оқысаң,білімді боласың,өнерлі болсаң,сыйлы боласың".