Әлеуметтік желілерде сырғанақ теуіп келе жатқан балалардың қауіпті кадрлары бейнеленген видеолары кеңінен таралуда.
Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп ата-аналарға (заңды өкілдеріне) өз балаларының денсаулығын, физикалық, ақыл-ойы мен рухани-адамгершілік тұрғыдан дамуына қамқорлық жасауға міндетті екенін ескертеді:
3 жасқа дейінгі балалармен көпшілік жиналған сырғанақ тебу орындарына бармаңыз.
Егер сырғанақ тебетін жердің қауіпсіздігіне алаңдаушылық танытсаңыз, алдымен өзіңіз сырғанап көріп, балаңыздың қауіпсіздігіне көз жеткізіңіз.
Егер балаңыз әртүрлі жастағы адамдар топтасқан, көпшілік сырғанақ тебетін жерде жүрсе, оны міндетті түрде қадағалаңыз.
Жолдар мен теміржол маңындағы төмпешіктерді сырғанақ тебетін орын ретінде пайдаланбаңыз.
Сырғанақ тебуге арналған құралдарыңыздың қауіпсіздігін мұқият тексеріңіз.✔️
❗Ескерту: сурет интернет желісінен алынды.