"Адам болам десеңіз..." - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Қаңтардың 21 күні 1"Б" кезекші сыныбында "Адам болам десеңіз..."тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты:Абай Құнанбаевтың өлеңдері арқылы оқушыларды білімді,өнерлі,әдепті болуға тәрбиелеу.Саналы азамат болып,сапалы өмір сүру үшін,ғылымды үйреніп,тәлімге тәнті болуға баулу.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар белсенділік танытып,Абай өлеңдерін ортаға салып,мәнерлеп айтып,өлең-жырлардың мән-мағынасын түсіне білді.