Қаңтарда туған қаламгер - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Облыстық  деңгейде өткізіліп отырған «ХХІ ғасыр – сауатты ұрпақ ғасыры» атты оқу сауаттылығы апталығы жоспарына сәйкес  21 қаңтар күні қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Алмаганбетова Перизат Бахбергеновна 9-сыныптар арасында  "Қаңтарда туған қаламгер" атты І.Есенберленгинге арналған  дөңгелек үстел ұйымдастырды.   

Қаңтарда туған қаламгерлердің бірі - Ілияс Есенберлин 1915 жылы 10 қаңтарда  туылған. 

Оқушылар жазушының өмірбаяны жайлы айтып, өздері дайындаған слайдтар бойынша әңгімелеп, бейнебаян көрсетілді. Оқушылар оқыған шығармаларынан алған әсерлерімен, пікірлерімен бөлісіп, ойларын ортаға салып талқылады. Тың деректермен де бөліскендері болды. 

Ілияс Есенберлиннің шығармаларын оқуға кеңес беріп, насихаттай отырып жиынды қорытындылады.