"Жаңаша оқыту-жетістік көзі "
✏️✏️✏️"Жаңаша оқыту-жетістік көзі " атты шебер сыныпты педагог-зерттеуші Агибаева Айман Тургановна және педагог-модератор Жараспаева Сымбат Алиакпаровна жаңа талаптарға сәйкес жүйелі жұмыстарды жүзеге асыруда іс-тәжірибелермен бөлісу, пікір алмасу мақсатында өткізді. "Дирижёр ол сабақта қолданылатын технология болса,онда оркестр технология түрлері, ал музыкалық аспаптар әдіс-тәсілдер"- сабақтың басы осындай теңеумен басталды. Ұстаздар дирижёрдың баскаруымен ән салып, сабақ жаңа әдіс-тәсілдер мен заманауи интернет ресурстарды таныстырумен одан әрі өрбіді. " Маған айтып берсең- ұмытып қаламын, көрсетсең-есімде сақтаймын,өзіме жасатсаң- үйренемін"-бұл шебер сыныбымыздың басты ұраны.