«Білгеннің пайдасы» әңгімесі бойынша бестік диктанты - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

Оқу сауаттылығы апталығының жоспары негізінде 5-7 сынып оқушылары ZOOM платформасында Ы.Алтынсариннің «Білгеннің пайдасы» әңгімесі бойынша бестік диктантын жазды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Акимжанова Г.С. алдымен бестік диктант моделін, диктантты жүргізу әдістемесін, диктант жүргізу барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекетін түсіндіріп өтті. Жазба жұмысын орындамас бұрын оқушыларға диктант мәтіні таратылып берілді. Оқушылар мәтінді оқып, түсініп алған соң, әңгімені бірнеше ойбөліктерге бөліп, әр бөліктің мазмұнын бестік диктанттың шарты бойынша өздері жазды. Диктант жазу барысында дәстүрлі диктанттағыдай оқушы естігенін ғана жазушы емес, диктант мәтінін ізденістеріне қарай шығармашылықпен түрлендіруші, өз тілдерін, білімдерін өздері жетілдіруші, дамытушы орнында болды.

Бестік диктантын жазу барысында оқушылардың алған білімдерін шығармашылықпен жаңа өнім жасауға бағыттау шеберлігі, қаламгерге еліктеу, оның көркем тілдерін меңгеру, оны өз тәжірибелерінде пайдалану дағдылары жетіледі, тілдері дамиды.