Алма ағаштары - «Абай атындағы No4 лицей-мектебі» КММ

19 қаңтар күні бастауыш сынып мұғалімі А.Т.Агибаева 3 «А» сыныбында қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәнінен алған білімдерін жаңа мақсатқа тиімді пайдалана білуге және оқушылардың өзіне берілген еркіндікті дұрыс жүзеге асыра отырып, мәтін жазуға үйрету мақсатында шағын шығармашылық диктанттың бірі – «Бестік» диктанты жүргізілді.

?Бестік диктант Ы.Алтынсариннің «Бақша ағаштары» шығармасы бойынша алынды.
Диктант моделі: 1-2-3-4-5 (сөз-сөйлем-сұрақ-жауап-жазу)

?Әр оқушы осы диктант моделі бойынша берілген тақырып бойынша өз мәтіндерін жазды. Бестік диктантының тиіміділігі:
-қазақ тілі және әдебиеттік оқу пәндері бойынша білімдері жетіледі;
-әр оқушы жеке, дербес жұмыс жасайды.
Диктант жұмысын жүргізу барысында төмендегіндей нәтижелерге қол жеткізуге болады:
-оқушылардың өзіндік дербес іс-әрекетке дағдылануы жетіледі;
-сөздік қорлары молаяды,жазба жұмыстарына төселеді;
-алған білімді тәжірибеде тиімді қолдана алуға мүмкіндіктері болады;